2026 жылы орта білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау әр облыс үшін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мұндай шешім электрондық egov.kz. үкімет порталына жүктемені азайту мақсатында қабылданды
Қостанай облысында құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 18 маусымнан 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, осы жылдан бастап мектептер жанындағы мектепалды сыныптардың тәрбиеленушілері ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданатынын хабарлаймыз.
Егер ата-аналар мектепке дейінгі сыныпты бітіргеннен кейін басқа мектепті таңдаса, құжаттарды беру жалпы негізде жүзеге асырылады. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірінші сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-аналарының өтініші бойынша даярлық деңгейіне қарамастан қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
- денсаулық жағдайы туралы анықтама (№065-у нысаны) және баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны);
- 3×4 см фотосуреттер (2 дана).
Құжаттарды қабылдау тәртібіне немесе беру мерзімдеріне өзгерістер енгізілген кезде тиісті ақпарат Сіздің назарыңызға уақтылы жеткізілетін болады.




