
Мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп өміріне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Маңызды мәселелердің бірі – мектептің қазандық жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін от жағушылардың жетіспеушілігі болды. Осыған байланысты жұмысшыларды іздестіруге ата-аналарды тарту ұсынылды.
Ата-аналар бұл мәселеге бейжай қарамай, оны шешуге белсенді түрде атсалысты. Бірлескен күш-жігер мен Байжанова Махабат Маратовнаның бастамасының арқасында екі от жағушы табылды.
Байжанова Махабат Маратовнаға және мектепке қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып, көмек қолын созған барлық ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз!




