|
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖІТІҚАРА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МИЛЮТИН НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ"МИЛЮТИНСКАЯ ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
|
|---|
|
13
Қазан
2026
|
- Қаралды: 1


Оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепте оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді.
Жаттығу барысында оқушылар мен мектеп қызметкерлері төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін, қауіпсіздік ережелерін сақтау және эвакуациялау бағыттары бойынша ғимараттан ұйымдасқан түрде шығу дағдыларын пысықтады.
|
6
Мамыр
2024
|
- Қаралды: 481

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің Милютин негізгі орта мектебі" КММ. 2024 жылғы 6 мамыр күні "Таза Қазақстан" акциясы аясында 9-сынып түлектері "Түлектер ағаш отырғызу" республикалық челленджіне қатысты.
|
9
Қазан
2026
|
- Қаралды: 10

5 қазанда КММ «Милютин негізгі орта мектебінде» оқушылар интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне арналған танымдық бейнероликті тамашалады.
Бейнероликті көру барысында оқушылар жеке мәліметтерді қорғаудың, әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасаудың, белгісіз сілтемелер мен хабарламаларға сақтықпен қараудың, сондай-ақ интернет-ресурстарды жауапкершілікпен пайдаланудың маңыздылығы туралы білді.
|
7
Сәуір
2024
|
- Қаралды: 470

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
-Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
-Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
-063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
-3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.@edu_news_qz
|
9
Қазан
2026
|
- Қаралды: 3

5 октября в КГУ «Милютинская основная средняя школа» учащиеся просмотрели познавательное видео, посвящённое правилам безопасного поведения в интернете.
В ходе просмотра ребята узнали о важности защиты личных данных, безопасного общения в социальных сетях, осторожного отношения к неизвестным ссылкам и сообщениям, а также о необходимости ответственного использования интернет-ресурсов.
|
30
Наурыз
2026
|
- Қаралды: 175
2026 жылы орта білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау әр облыс үшін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мұндай шешім электрондық egov.kz. үкімет порталына жүктемені азайту мақсатында қабылданды
Қостанай облысында құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 18 маусымнан 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.
|
7
Ақпан
2023
|
- Қаралды: 641

2019 жылы елімізде алғаш рет мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заңы қабылданды.
Мұғалімдердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының білім басқармасы «Қостанай облысы педагогтерін қорғау» Telegram-чат жұмысын бастайды.
|
3
Мамыр
2025
|
- Қаралды: 396
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Қазақстаннан жүздеген прокурор майданға өз еркімен аттанды. Олар жаумен шайқаста нағыз батырлықтың үлгісін көрсетті. Алайда прокуратура қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесі, олардың тылдағы қажырлы еңбегі туралы екінің бірі біле бермейді. Сол себепті көпшілікке беймәлім тарихи тақырыпты қозғауды жөн көрдік.
|
26
Қыркүйек
2022
|
- Қаралды: 676
Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығын мерекелеу аясында Милютин жалпы білім беретін мектебінде 1-11 сынып оқушылары арасында салтанатты жиын, сынып сағаттары, "Қазақ даласының данышпаны" бейнефильмі көрсетілді.







